"Динамо" Президент Кубогіне қатысудан бас тартты

1298

Қазіргі ел чемпионы "Сарыарқа" мен "Торпедо" хоккей клубтарының елордада өтетін Қазақстан Республикасы Президенті кубогіне қатысатыны белгілі болды.

"Динамо" Президент Кубогіне қатысудан бас тартты

Рига "Динамо" ХК-ның Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы Кубогына қатысудан бас тартуына байланысты турнирге қатысушылар құрамы және оның форматы өзгерді. Бұл туралы "Барыс" хоккей клубы хабарлады.

11 тамызда Президент Кубогі ойындарына "Барыс", "Куньлунь", қарағандылық "Сарыарқа" және өскемендік "Торпедо" қатысады. Алдын ала кезеңде командалар бір айналымда ойнайды. Одан кейін топтық турнир қорытындысы бойынша бірінші және екінші орын алған екі ұжым финалдық кездесуге шығады. Сондай-ақ, үшінші орын үшін кездесу өтеді. Шешуші матчтар 15-тамызға жоспарланған. 

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Президенті Кубогі матчтары көрермендерсіз өтеді.

"Өкінішке орай, ригалық "Динамо" басшылығы биыл ҚР Президенті Кубогына қатысудан бас тартты. Себебі қазіргі таңда барлық "Динамо" ойыншылары вакцинацияның толық курсынан өткен жоқ. Бұл спортшылар Латвияға оралған кезде 14 күндік өзін-өзі оқшаулауға кетуі керек дегенді білдіреді. Сондықтан біз ҚР Президентінің Кубогына екі қазақстандық команданы шақыруды жөн көрдік. "Сарыарқа" мен "Торпедоның" басшылығына оң жауаптары үшін алғысымды білдіргім келеді. Біз жарыс кезінде қатысушылардың, спортшылар мен қызметкерлердің денсаулығын қамтамасыз ету үшін бар күш-жігерімізді салатындығымызды тағы да айтқым келеді" - деді "Барыс" президенті Борис Иванищев.

Жарыс кестесі

11-тамыз (сәрсенбі) - 15:00 "Торпедо" - "Куньлунь Ред Стар", 19:30 "Барыс" - "Сарыарқа"

12 тамыз (бейсенбі) 15: 00 "Сарыарқа" - "Торпедо", 19:30 "Куньлунь Ред Стар" - "Барыс" 

13 тамыз (жұма) Демалыс

14 тамыз (сенбі) 12: 00 "Куньлунь Ред Стар" - "Сарыарқа", 17:00 "Барыс" - "Торпедо"

15 тамыз (жексенбі) 12:00 Үшінші орын үшін матч, 17:00 Финал

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу