Динара Құлыбаева коронавирусқа қарсы күресуге 4,5 млрд теңге бөлді

3518

"Halyk" қайырымдылық қорының негізін қалаушы Динара Құлыбаева Қазақстандағы қауіпті індетпен күреске өз үлесін қосты.

Динара Құлыбаева коронавирусқа қарсы күресуге 4,5 млрд теңге бөлді

Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Әлем жаһандық сынақтарға тап болған осы қиын-қыстау кезеңде біз өз ауызбіршілігімізді танытып, ынтымағы жарасқан ел екенімізді дәлелдеуіміз керек.

"Halyk" қайырымдылық қоры Елбасының короновирус індетінің зардаптарын жою үшін арнайы республикалық қор құру туралы бастамасын қолдайды.

Қордың Қамқоршылық кеңесі коронавирус індеті салдарымен күресуге 4,5 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылдады. Барлық қиындықтарды еңсеретінімізге сенімдіміз. Барлығымыз бірігіп дәл қазір көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсете аламыз.

Ешбір қиындықтарға қарамастан Наурыз мейрамы әр үйге, әрбір отбасына бақыт, тыныштық пен амандық әкелсін!

Құрметпен, Динара Құлыбаева!

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу