Дінмұхаммед Қошқар грек-рим күресінен Венгриядағы турнирде қола медаль жеңіп алды

222

Венгрияның Будапешт қаласында күрес түрлерінен халықаралық рейтингтік турнир жалғасуда.

Дінмұхаммед Қошқар грек-рим күресінен Венгриядағы турнирде қола медаль жеңіп алды Фото: olympic.kz

Қазақстандық "классик" Дінмұхаммед Қошқар 67 келіге дейінгі салмақта ұлттық құрама қоржынына қола медальді салды. Жерлесіміз шешуші белдесуде Славик Галстянды (Армения) жеңді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Ал Алтын Шағаева 59 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін өткен белдесуде норвегиялық Отелия Хёйеге жол берді. Сондай-ақ 62 келіге дейінгі салмақта Ирина Кузнецова қола жүлде үшін өткен айқаста үндістандық Савитадан жеңілді.

Айта кетейік, бүгін, 18 шілдеде әйелдер күресінің қалған салмақ дәрежелерінде жүлделер сарапқа салынса, грек-рим күресінен 72 келіге дейін, 87 келіге дейінгі салмақта балуандар бозкілемге шығады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу