Диск лақтырудан Азия чемпионы атанған қазақстандық жаңа рекорд орнатты

271

Гонконгтегі Азия чемпионатында Максим Сажнев 60,45 метрге диск лақтырды.  

Диск лақтырудан Азия чемпионы атанған қазақстандық жаңа рекорд орнатты Фото: gov.kz

Гонконг қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан U20 жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық спортшы Максим Сажнев алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шымкенттік жеңіл атлет диск лақтыру сайысында 60,45 метр нәтиже көрсетіп, қарсыластарынан оқ бойы озық шықты. Осылайша ол құрлық біріншілігінің чемпионы атанды.

Максим Сажнев көрсеткен нәтиже оның жеке рекорды ғана емес, Қазақстанның U20 жас санатындағы жаңа ұлттық рекорды ретінде де тіркелді.

Жас спортшы ұлттық құрама қоржынына чемпионаттағы алғашқы алтын жүлдені салып, ел мерейін үстем етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу