Дияр Аманәлі U17 әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

280

Қазақстандық балуан финалда Венгрия өкілін жеңіп, ел қоржынына кезекті жүлдені салды.  

Дияр Аманәлі U17 әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды Фото: olympic.kz

Қазақстандық балуан Дияр Аманәлі грек-рим күресінен Әзірбайжанның Баку қаласында өтіп жатқан U17 әлем чемпионатында чемпион атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен отандасымыз финалда венгриялық Кеве Ковачпен кездесіп, жеңіске жетті. Осылайша Дияр Аманәлі әлем чемпионатының алтын медалін иеленді.

Қазақстандық балуан жарыс жолында Грекия өкілі Николаос Зинисті, ресейлік Эдем Пайзиевті, грузиялық Георгий Кеделидзені және Болгария спортшысы Данимир Йордановты жеңіп, финалға жолдама алды.

Айта кетейік, бұған дейін 48 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Әли Алмас күміс медаль жеңіп алған еді.

Осылайша Қазақстан құрамасы U17 әлем чемпионатында екі жүлдеге қол жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу