Қазақстандық ережесіз жекпе-жек шебері Дияр Нұрғожай Шанхайда (Қытай) өткен UFC Fight Night 257 турнирінде октагонға шықты.
Ол қырғызстандық Уран Сатыбалдиевпен (8-1) күш сынасты. Кездесу бірінші раундта-ақ аяқталды.
Уран Сатыбалдиев тұншықтыру әдісін қолданып, жеңісті жұлып әкетті. Бұл қырғыз спортшысы үшін кәсіби мансабындағы 9-шы, ал UFC-дегі алғашқы жеңіс болды (рекорды 1-1). Ал Нұрғожай екінші рет тізе бүгіп, ұйымдағы көрсеткішін 0-2-ге түсірді.
Турнирде этникалық қазақ Қайсар Махсат (10-4) та өнер көрсетеді. Ол америкалық Гейдж Янгпен (9-3) кездеседі.
Сонымен қатар, Қытайдан шыққан тағы бір этникалық қазақ Тайлақ Нұражы (11-1-0-1) промоушенде дебют жасайды.
Ол жартылай орта салмақта қытайлық Кенан Сонгтың (22-9) орнына шығады. Тайлақтың қарсыласы ирландиялық Кифер Кросби (10-5).