Дмитрий Панарин Нигериядағы бадминтон турнирінде қола жүлде алды

203

Турнир Нигерияның Лагос қаласында өтті.  

Дмитрий Панарин Нигериядағы бадминтон турнирінде қола жүлде алды Фото: olympic.kz

Қазақстан құрамасының өкілі Дмитрий Панарин Нигерияның Лагос қаласында өткен Lagos International Classics 2026 халықаралық турнирінде қола медаль иеленді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Панарин жарысты Үндістан өкілі Пранаув Рам Нагалингамды 2:1 есебімен жеңуден бастады. Кейін нигериялық Саиду Алиуды 2:0 есебімен ұтты.

Ширек финалда қазақстандық спортшы Біріккен Араб Әмірліктерінің өкілі Шашаанк Саи Муннангиден 2:0 есебімен басым түсіп, жартылай финалға жолдама алды.

Жартылай финалда Панарин Үндістан өкілі Танкара Гнана Датту Таласиламен кездесті. Тартысты ойында қарсыласы 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Дмитрий Панарин Lagos International Classics 2026 турнирін қола жүлдемен аяқтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу