Дмитрий Попко ITF турнирінің финалына шықты

1045

Әлемнің 309-ракеткасы, қазақстандық Дмитрий Попко Тукуман Аргентинада өтіп жатқан ITF турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Дмитрий Попко ITF турнирінің финалына шықты Фото: sportarena.kz

Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші жартылай финалда дүниежүзілік рейтингіде 352-орында тұрған аргентиналық Федерико Агустин Гомеспен кездесті.

Тартысты бәсекеде Д.Попко 4:6, 6:2, 6:1 есебімен жеңіске жетті.

Дмитрий Попко финалда әлемнің 335-ракеткасы, бразилиялық Педро Сакамотомен бас жүлдені сарапқа салады.

Қазақстандық теннисші осымен қатарынан төртінші рет ITF додасында финалға шығып отыр. Оның жеңіс сериясы 19 матчқа жетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу