Долларсыздандыру тепе-теңдікті жойды

1882

2014 жылдың қазан айынан бері алғаш рет ел банктеріндегі теңгелік салым үлесі басым болып отыр.

Долларсыздандыру тепе-теңдікті жойды

Депозиттерді долларсыздандыру тренді наурыз  айында күшейді. Ұлттық банктің ай сайынғы статистикасынан наурыз айының қорытындысы бойынша ел банктеріндегі теңге жинағы 2,5 жыл ішінде алғаш рет 50%-дан жоғары көтерілгенін көруге болады.

Қаржы реттеушісінің мәліметі бойынша, ҚР екінші деңгейлі банктеріндегі жиынтық депозиттер наурыз айында 3,5% - ға (немесе 599 млрд теңге), 17,6 трлн теңгеге дейін өскен. Валюталар аралығында ұлттық валютада салынған салымдар үлесі 598  млрд теңгеге ұлғайған, оның 552 млрд теңгесін корпоративтік сектор салған. Осының нәтижесінде теңгемен салынған салым үлесі бөлшектік есебімен 48,5%-дан  (8,26 трлн теңге) 50,2% - ға (8,86 трлн теңге) дейін көбейген.  

Валюталық жинақ жайын айтар болсақ, онда олардың көлемі еш өзгермей, 0,01%-ға ғана өскен. Осы орайда жеке тұлғалардың салымды теңгемен жасауға көшкенін айта кету керек. Ал бизнес болса, керісінше, жиынтық сомаға қатысты валюталық қорды шамалы ұлғайтқан.

Наурыз айында еліміздегі банктердің депозиттік қорын өсіруге корпоративтік сегмент айтарлықтай үлес қосқан. Заңды тұлғалар салымының үлесі 6,5%-ға (немесе 616 млрд теңге), 10,14 трлн теңгеге дейін өскен. Ал қазақстандықтардың жинақтары керісінше 0,2% - ға (немесе 17,5 млрд теңгеге), 7,5 трлн теңгеге дейін қысқарған.

Долларсыздандыру динамикасына және депозиттер көлеміне теңгенің нығаюы күшті әсер етуде. Наурыз айында теңгенің доллларға, еуроға және ресейлік рубльге қатысты орташа айлық бағамы 1,3% -ға (316,07 теңгеге дейін), 1,1%-ға (337,2 теңгеге дейін) және 0,4% - ға (5,45 теңгеге дейін) нығайған. Бұл валюталық салымдарды қайта бағалауға әкелетіні сөзсіз. Аbctv.kz-тің есебі бойынша, 1 наурызда мұндай жоғалтулар көлемі 1,9 млрд доллар болған.

Бағамдық шығын салдарынан пайда болған статистикалық тәсілдерге қарамастан, ел азаматтарының нақты жалақысы соңғы 23 айда алғаш рет өсім көрсетті. Ұлттық банк мәліметі бойынша, наурыз айында жалақы былтырғы жылдың осындай кезімен салыстырғанда  3,1% - ға өскен. Нақты ақшалай табыс ақпан айында былтырғы жылға қарағанда 0,6%-ға көбейген деп көрсетілген  қаржы реттеушісі әзірлеген экономиканың қысқаша шолуында.

Сұлтан Биманов, Гүлназ Ермағанбетова

Telegram
ПОДПИСЫВАЙТЕСЬ НА НАС В TELEGRAM Узнавайте о новостях первыми
Подписаться