АҚШ хоккей құрамасының қақпашысы Коннор Хеллебак елдің ең жоғары марапаттарының біріне ие болады.
- Хоккей командасының мүшелері мына жаңалықты естіп қатты қуанады деп ойлаймын. Олардың дауыс беруінің және менің дауысымның нәтижесіне сәйкес мен жақын арада Коннорға еліміздің ең жоғары азаматтық марапатын - Президенттік Бостандық медалін табыстаймын, - деді Трамп.
Бұл медаль "АҚШ-тың қауіпсіздігі мен ұлттық мүдделерін қорғауға, бүкіл әлемде бейбітшілікті сақтауға, сондай-ақ АҚШ пен әлемнің қоғамдық және мәдени өміріне елеулі үлес қосқан" тұлғаларға табысталады.
Естеріңізге сала кетейік, 2026 жылғы Олимпиада финалында АҚШ құрамасы овертаймда Канаданы 2:1 есебімен жеңді. Осылайша, АҚШ хоккей құрамасы тарихында үшінші рет Олимпиада алтын медалін жеңіп алды.