Дональд Трамп АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітімді ұзартты

391

Бұл туралы Ақ үй басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.  

Дональд Трамп АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітімді ұзартты Фото: glavred.info

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен соғыста уақытша бітімді ұзартқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, Пәкістан билігі осындай өтініш жасаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Трамптың жазбасы тараптар арасындағы атысты тоқтату мерзімі аяқталуға тиіс болған сәтте жарияланды.

"Иран үкіметіндегі жағдайды ескере отырып, сонымен қатар Пәкістан Қарулы күштерінің бас қолбасшысы Асим Мунир мен Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шарифтің өтініші бойынша бізден Иранға жасалатын шабуылды тоқтата тұру сұралды. Бұл олардың басшылары мен өкілдері ортақ ұсыныс әзірлегенге дейін күшінде болады", – деп жазды Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде.

АҚШ президентінің сөзінше, атысты тоқтату режимі келіссөздер қандай да бір нәтижемен аяқталғанға дейін жалғаспақ. Бұл ретте Дональд Трамп АҚШ әскеріне Ормуз бұғазындағы блокаданы жалғастыруды тапсырды.

Сондай-ақ басқа барлық бағыт бойынша жауынгерлік дайындықта тұру қажеттілігі туралы да сөз болды.

Бұған дейін Иранның Tasnim мемлекеттік агенттігі жоғарғы көсем Моджтаба Хаменеидің АҚШ-пен келіссөздерді жалғастыруға рұқсат бергеніне қарамастан, елдің екінші кезеңге қатысудан түбегейлі бас тартқанын мәлімдеді. БАҚ-тың хабарлауынша, келіссөздер 22 сәуірде Исламабад қаласында өтуі тиіс болған.

Тегеран билігі тиісті шешімін Пәкістандағы делдалдар арқылы Вашингтон өкілдеріне білдірген. Иран АҚШ-ты шамадан тыс талаптар қойып отыр деп сынға алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу