Осылайша, Трамп бұл жолы саяси мәлімдемесімен емес, видеоойын кейіпкері ретінде жұрт назарын аударды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Видео "The Legend of Trump: Make America Great Again" деген атаумен басталады. Кадрларда 3D ойын кейіпкеріне ұқсатып жасалған Трамп Ақ үйге кіріп, ғимарат ішінде түрлі әрекеттер жасап, соңында Сопақ кабинеттегі үстел басында жұмыс істеп отырғаны көрсетіледі.
Видеоның соңында "Президент Трамп Американы қайтадан ұлы ету үшін аянбай еңбек етіп жатыр" деген мазмұндағы жазу пайда болады.
Роликтің жариялануы да кездейсоқ уақытқа түспеген. Бір күн бұрын, 8 қыркүйекте, Nintendo The Legend of Zelda сериясының 40 жылдығына арналған арнайы Direct таныстырылымын өткізіп, Ocarina of Time ремейкіне қатысты жаңа материалдарын көрсетті. Осыдан кейін-ақ Ақ үйдің дәл осы ойынның стиліндегі роликті жариялауы әлеуметтік желіде қызу талқылана бастады.
Жаңа Zelda стиліндегі роликке қатысты әзірге Nintendo тарапынан ресми түсініктеме жарияланғаны туралы ақпарат жоқ. Дегенімен, әлеуметтік желі қолданушылары компаниядан Ақ үйдің өз туындыларын пайдалануына қатысты пікір білдіруді талап етіп жатыр.
Осылайша, Трамп әкімшілігінің цифрлық насихатында видеоойын эстетикасы біртіндеп жиі көріне бастаған. Бұл жолы АҚШ президенті виртуалды әлемге кіріп, өзін Zelda кейіпкері ретінде көрсеткен.