Дональд Трамп Қазақстанға баж салығын енгізу туралы құжатқа қол қойды

717

Құжат Ақ үй сайтында жарияланды.  

Дональд Трамп Қазақстанға баж салығын енгізу туралы құжатқа қол қойды  Фото: 1tv.ge

АҚШ Президенті Дональд Трамп Қазақстанға 25 пайыздық баж салығын енгізу туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тізімде Қазақстаннан бөлек 60-тан астам мемлекеттің аты аталады. Олардың қатарында Үндістан, Түркия, Израиль, Молдова, Швейцария, Вьетнам, Оңтүстік Корея және Еуродақ елдері бар. Бұл елдерге 15 пайыздан 41 пайызға дейін баж салығы енгізілген. Қазақстанға 25 пайыздық кедендік тариф қолданылмақ. Бұл туралы 2025 жылғы 31 шілдеде Ақ үй сайтында жарияланған жарлықта жазылған. 

CNN мәліметінше, баж салығы 7 тамызда күшіне енеді. Себебі кедендік және шекара қызметіне қатысты өзгерістерді енгізуге уақыт керек.

Айта кету керек, бұған дейін Трамп Қазақстан тауарларына 25% баж салығын енгізетінін жазған болатынбыз. 

"2025 жылғы 1 тамыздан бастап Қазақстаннан АҚШ-қа жөнелтілетін барлық тауарға салалық баждардан тыс жалпы 25 пайыздық кедендік тариф енгізілетін болады", – делінген құжатта.

10 шілде күні Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың хатына жауап берді. Мемлекет басшысы Қазақстан АҚШ-тың бұрыннан келе жатқан сенімді сауда әрі инвестициялық серіктесі ретінде әділ, түсінікті және өзара тиімді сауда байланыстарын дамытуға бейілділігін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу