Қуанышты жаңалықты бөліскен Трамп көпшілікті елең еткізетін тағы бір мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ол уақытында жасалған уағдаластықтар арқасында теңіздегі шектеулер дереу алынып, Ормуз бұғазы кеме қатынасы үшін қайта ашылатынын айтты. Сондай-ақ, ресми дереккөздер барлық майданда, соның ішінде Ливан бағытында да оқ атудың тез арада және біржолата тоқтатылатынын хабарлап жатыр.
"Нетаняху – өте күрделі адам. Ол шынын айтқанда, бізге шексіз риза болуы керек. Егер Иранда ядролық қару пайда болса, Израиль 2 сағат та өмір сүре алмас еді. Мен Израильді жойылып кетуден құтқардым", – деді Трамп.
Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ пен Иран арасындағы келісімді құптағанын хабарладық.