Дональд Трамп НАТО елдерін Қытай тауарларына кедендік баж салығын енгізуге шақырды

132

Бұл туралы Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

Дональд Трамп НАТО елдерін Қытай тауарларына кедендік баж салығын енгізуге шақырды Фото: Anadolu Ajansı

АҚШ Президенті Дональд Трамп НАТО-ға мүше мемлекеттерді Қытайдан импортталатын тауарларға 50-ден 100 пайызға дейінгі кедендік баж салығын енгізуге шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Anadolu Ajansı басылымына сілтеме жасап.

Трамптың айтуынша, мұндай шара Ресей мен Украина арасындағы соғысты тоқтатуға ықпал етуі мүмкін. Ол баж салығы соғыс аяқталғаннан кейін алынып тасталатынын да атап өтті.

"Қытайдың Ресейге ықпалы зор. Егер НАТО мен ұсынып отырған жолды таңдаса, соғыс дереу тоқтайды. Әйтпесе, АҚШ-тың уақыты да, күші де, қаражаты да босқа кетіп жатыр", – деді Трамп.

Сонымен қатар ол НАТО елдері Ресейге қарсы санкция енгізіп, ресейлік мұнайдан бас тартқан жағдайда, Вашингтон да Мәскеуге қатаң шара қолданатынын айтты.

Трамптың пікірінше, кейбір НАТО елдерінің Ресей мұнайын "шектен тыс көлемде" сатып алуы олардың келіссөздер кезіндегі ұстанымын едәуір әлсіретіп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу