Дональд Трамп пен Ким Чен Ын кездесуі мүмкін – америкалық сарапшы

335

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын арасында тағы бір саммиттің өту ықтималдығы өткен аптадағы аралық сайлаудан кейін артуы мүмкін.

Дональд Трамп пен Ким Чен Ын кездесуі мүмкін – америкалық сарапшы Фото: gazeta.ru

Бұл туралы Yonhap ақпараттық агенттігі жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

БАҚ-тың жазуынша, Пхеньян республикалық партияның ірі жеңілісінен кейін Ақ үй басшысын саяси тұрғыдан әлсіз әрі келіссөз жүргізуге қолайлы ретінде қарастыруы мүмкін. Бұл туралы америкалық сарапшы айтты.

"Аралық сайлаудан кейін кездесудің өту мүмкіндігі жоғарылайды деп есептеймін", – деді Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығының (CSIS) Корея мәселелері бойынша сарапшысы Виктор Ча.

Трамп бұл сапар аясында Манилада өтетін Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қауымдастығының (АСЕАН) саммитіне және Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтетін Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы саммитіне қатысады.

"Олар Трампты әлсіз, осал және келіссөз жүргізуге қолайлы нысана ретінде көреді", – деп атап өтті сарапшы.

Сондай-ақ Виктор Чаның пікірінше, Солтүстік Корея Трамптың Иран мен Венесуэлаға қатысты ұстанған саясатын мысалға алып, Вашингтонның күтпеген әрекеттерінен сақтану үшін Трамппен байланысты сақтауға мүдделі болуы мүмкін. Трамп өзінің Киммен "жақсы" қарым-қатынасын алға тартып, онымен қайта кездесуге мүдделі екенін бірнеше рет білдірген болатын. Бұл президенттің осы айда Қытайға жоспарланған сапары кезінде ықтимал кездесу өтуі мүмкін деген болжамды арттырып отыр.

Екі көшбасшы Трамптың бірінші президенттік мерзімінде үш рет кездесті. Біріншісі 2018 жылдың маусымында Сингапурда, екіншісі 2019 жылдың ақпанында Ханойда, ал үшінші кездесу екі Корея шекарасындағы Пханмунжома ауылында өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу