Дональд Трамп Ресей мен Қытайды қойып, Үндістанға шүйлікті

597

АҚШ Президенті Дональд Трамп Үндістаннан әкелінетін тауарларға 25 пайыз көлемінде қосымша импорттық баж салығын енгізді.

Дональд Трамп Ресей мен Қытайды қойып, Үндістанға шүйлікті Фото: Christopher Furlong

Бұл шешімге ол арнайы жарлыққа қол қою арқылы ресми түрде жол ашты. Ақпарат Ақ үйдің сайтында жарияланды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жарлықта бұл шараның елдегі төтенше жағдайға байланысты қабылданғаны айтылған.

Құжатта атап көрсетілгендей, Үндістан – Ресейден тікелей немесе жанама жолмен мұнай алып отырған мемлекет. Осы себепті, Трамп үнді тауарларына қосымша салық салу арқылы Үндістанның Ресеймен энергетикалық байланысын шектеуді көздеген.

АҚШ басшысы бұл шешімін алдын ала хабарлаған болатын. Ол бір күн бұрын таяу 24 сағат ішінде тарифтерді "айтарлықтай" көтеретінін айтқан.

Ал Ресей тарапы бұл қадамға жауап беріп үлгерді. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков АҚШ-тың өзге елдерді Ресеймен сауда қатынасын үзуге мәжбүрлеу әрекетін заңсыз деп бағалады.

Оның айтуынша, әрбір ел өз еркімен қай елмен ынтымақтасатынын таңдауға құқылы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу