Дональд Трамп: Украина НАТО құрамына кіре алмайды

400

Бұл туралы Дональд Трамп Владимир Зеленскиймен кездесуінде айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Дональд Трамп: Украина НАТО құрамына кіре алмайды Фото: РБК

Алайда АҚШ Украинаға сенімді қауіпсіздік кепілдігін бере алады. Оған АҚШ-тан қару сатып алу мүмкіндігі кіреді. Украина үшін НАТО төлейді.

Сондай-ақ, Дональд Трамп бүгін Владимир Зеленский және Еуропа елдерінің басшыларымен келіссөзден нәтиже шықпаса, Украинаға көмек беруді тоқтататынын айтты.

Дональд Трамп осы келіссөзден соң бірден Владимир Путинге қоңырау шалатынын да хабарлады.

Кездесу барысында Владимир Зеленский Украинада Президент сайлауын өткізуге әрқашан дайын екенін, алайда соғыс жағдайында бұл мүмкін болмайтынын жеткізді.

Сонымен қатар, Дональд Трамп кездесуде Владимир Зеленскийдің костюмін мақтап қойды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу