Дональд Трамп Украинада ілгерілеу болмаса, Ресейге санкция салатынын ескертті

323

АҚШ Президенті Дональд Трамп Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша белгіленген мерзімде прогресс болмаса, Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізілетінін мәлімдеді.

Дональд Трамп Украинада ілгерілеу болмаса, Ресейге санкция салатынын ескертті Фото: rbc.ru

Бұл туралы Newsmax телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Ресей билігі санкцияларға қарсы тұруды үйреніп алған. Бірақ соған қарамастан, АҚШ жаңа шектеулерге дайын, деді Трамп.

АҚШ-тың БҰҰ-дағы уақытша істер жөніндегі орынбасары Джон Келлидің сөзінше, Трамп 8 тамызға дейін Украина бойынша келісімге келуді қалайды.

АҚШ бейбітшілікке қол жеткізу үшін қосымша шараларға баруға дайын, деді Келли.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу