Дональд Трамп Үндістанға ашулы

431

Трамп Үндістанға қатысты тарифтерді арттыруға ниетті, деп жазады inbusiness.kz сайты Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Дональд Трамп Үндістанға ашулы Фото: reuters.com

АҚШ Президенті Дональд Трамп Үндістанның Ресейден мұнай сатып алып, оны қайта сату тәжірибесіне байланысты Нью-Делиге салынатын тарифтерді "айтарлықтай" арттыруға ниетті екенін мәлімдеді.

Дональд Трамптың айтуынша, Үндістан Ресейден көп мөлшерде мұнай сатып алып, оның бір бөлігін ашық нарықта жоғары бағамен қайта сатады.

– Сондықтан мен Үндістан АҚШ-қа төлейтін кедендік баж салығын айтарлықтай арттырамын, – деді АҚШ президенті.

Сонымен қатар, Үндістанның Украинадағы жағдайға қатысты ұстанымын сынға алды.

Бұған дейін, өткен аптада Дональд Трамп Үндістан мен Қытайды Ресей энергия ресурстарының ең ірі импорттаушылары деп атап, 1 тамыздан бастап Үндістанға 25 пайыздық тариф енгізілетінін хабарлаған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу