Дональд Трампқа тағы қастандық жасалмақ болды

162

АҚШ-тың Вашингтон қаласында өткен Ақ үй тілшілерінің дәстүрлі кешкі асында оқыс оқиға тіркелді, деп жазады Washingtonpost басылымына сілтеме жасап.

Дональд Трампқа тағы қастандық жасалмақ болды Фото: theguardian.com

Атыс кезінде АҚШ Президенті Дональд Трамп залда отырған. Дыбыстар естілген бойда Құпия қызмет өкілдері оны шұғыл түрде залдан алып шығып, қауіпсіз жерге жеткізген.

Ақ үй өкілдерінің мәліметінше, президент жарақат алмаған. Кешкі асқа қатысқан вице-президент Джей Ди Вэнс те қауіпсіздік мақсатында эвакуацияланған.

Алдын ала ақпарат бойынша, қарулы адам ғимараттың қауіпсіздік аймағына жақын жерде бірнеше рет оқ атқан. Оқиға зал ішінде емес, сыртқы бақылау аймағында болған. Қауіпсіздік қызметі күдіктіні қысқа уақытта қолға түсірген.

Атысты жасаған адам Калифорния штатының 31 жастағы тұрғыны Коул Томас Аллен болуы мүмкін. Ол кешкі асқа арнайы шақыртумен келген.

Ресми деректерге сәйкес, кешке жиналған қонақтардың ешқайсысы зардап шекпеген. Тек бір қауіпсіздік қызметкері оқ өткізбейтін кеудешенің арқасында аман қалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу