Дональд Трамптың өз-өзіне қандай уәде бергені белгілі болды

Америка көшбасшысы әлемдегі барлық қақтығыс пен соғысты тоқтатқысы келеді.  

Дональд Трамптың өз-өзіне қандай уәде бергені белгілі болды Фото: AP

Бұл туралы Трамп БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап беру барысында айтқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ол жаңа жылда әлемге бейбітшілік сыйлауға күш жұмсамақ.

Ақ үй басшысы мұны Флорида штатындағы Уэст Палм-Бичке жақын маңдағы Мар-а-Лагодағы үйіндегі қабылдау алдында мәлім етті.

Журналистердің "Жаңа жыл басталғанға дейін өзіне берген уәдесі бар ма?" деген сұраққа Вашингтон әкімшілігінің басшысы: "Иә, бар. Жердегі бейбітшілік", – деп жауап берген.

Десе де, Дональд Трамп "АҚШ өз әскерін Украинаға жіберуге дайын ба, жоқ па?", "ЦРУ Венесуэлаға соққы беруде қандай рөл атқарды?" деген сұрақтарға жауап беруден бас тартқан.

Осыған дейін Дональд Трамп Чикаго, Лос-Анджелес және Портлендтен Ұлттық гвардияның шығарылғанын жария еткен еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу