Дрондар Ресейдің бес облысы мен Қырымға шабуыл жасады

6271

Бұл соққылардан төрт ИЛ-76 ұшағы зақымданды.

Дрондар Ресейдің бес облысы мен Қырымға шабуыл жасады Фото: EADaily

Ал Мәскеудің сыртындағы негізгі үш әуежай - Шереметьево, Внуково және Домодедово - барлық келетін және шығатын рейстерді уақытша доғаруға мәжбүр болған.

Ресейлік жалдамалы сарбаздар жетекшісі Евгений Пригожинді жерлеу рәсімі аяқталғаннан кейін бірнеше сағат өткенде, украиналық дрондар Ресейді шарлап, әскери ұшақтарды қиратып, әуе қозғалысын тоқтатқан. Мұны бүгін ресейлік билік өкілдері хабарлап отыр. 

Ұшқышсыз ұшақтар Псков, Брянск, Калуга, Орлов, Рязань облыстарына, сондай-ақ, Ресей басып алған Қырым түбегіндегі Севастопольге соққы берген. 

Киев үшін ең маңызды шабуыл Украина шекарасынан солтүстікке қарай 660 шақырым жерде және Эстония мен Латвия шекарасына жақын орналасқан Псков қаласына жасалды. Ресейлік шенеуніктердің айтуынша, одан төрт Ил-76 әскери-көлік ұшағы зақымданған.

Украина соңғы айларда дрондар соғысын күшейтіп, оңтүстік және шығыс майдан шептерінде қатаң қарсылыққа тап болып жатқан құрлықтық операцияларында қолдау үшін Ресей территориясының тереңіндегі нысандарды жиі көздейтін болды.

Псков губернаторы Telegram каналында жариялаған кадрларда сирена дыбыстары естіліп, жарылыс байқалып, көкке түтін көтерілгенін көруге болады. Өзге бір телеграм-арналардың хабарларына жүгінсек, Эстония шекарасынан небары 32 шақырым қашықтықта орналасқан Псковтың айналасында зениттік жүйелердің әрекетке көшкені айтылып отыр.

"Алғашқы мәлімет бойынша, ауыр ештеңе болған жоқ, бірақ түнде бұл жағдайды толық анықтау қиын. Егер бәрі дұрыс болса, бейсенбі күні әуежай өз жұмысын қалпына келтіреді. Ешкім зардап шекпеді", - деп жазды губернатор Михаил Ведерников өзінің Telegram парақшасында.

Төтенше жағдайлар қызметіне сілтеме жасап ТАСС агенттігі хабарлағандай, бұл әскери аэродромда ресейлік әскерилердің төрт Ил-76 транспорттық ұшағы зақымданған. Олардың екеуі "отқа ораныпты".

Ресейдің әскери және қорғаныс шенеуніктері Украинаның үш дроны Брянск облысының оңтүстігінде, біреуі Орлов облысының орталығында және тағы біреуі Рязань облысында атып түсірілгенін хабарлады. Осы оқиғаларға байланысты Мәскеудің Внуково, Шереметьево, Домодедово әуежайларының айналасындағы әуе кеңістігі қысқа уақытқа жабылған.

Ресей ұшағы болса, Қара теңіздегі операцияда 50-ге дейін украиналық десантшы мінген төрт жылдам шабуылдаушы қайыұты жойды, деп хабарлады әскерилер. Алайда Киев бұл мәліметке қатысты түсініктеме бермей отыр. 

АМЕРИКАДАН ТАҒЫ ДА КӨМЕК

Ұшқышсыз ұшақтардың шабуылдары АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Украина үшін жаңа әскери көмек пакетін жариялаған кезде жасалып отыр.

Бұл пакетке минадан тазартуға арналған қосымша жабдықтар, әуе қорғанысына арналған зымырандар, артиллерия мен атыс қаруына қажетті оқ-дәрілер кіреді.

Айта кетсек, Украина жазғы қарымта шабуылдарында Ресей күштерінің оңтүстік пен шығыстағы ауыр бекіністерін бұзып өту жолында көп оқ-дәрі шығындап жатыр.

ПРИГОЖИН САНКТ-ПЕТЕРБУРГ МАҢЫНА ЖЕРЛЕНДІ

Сейсенбі күні Ресейдің жалдамалы жауынгерлерінің басшысы Пригожин Мәскеудің солтүстігінде белгісіз ұшақ апатынан қаза тапқаннан кейін алты күн өкенде Санкт-Петербургтің шетіндегі жасыл немесе "жапырақты зиратқа" жерленді.

Пригожин мен оның "Вагнер" тобының екі бас лейтенанты, төрт оққағары тамыздың 23-де Embraer Legacy 600 ұшағы түсініксіз жағдайда апатқа ұшырағанда қаза тапқан 10 адамның ішінде болды.

Пригожин Ресей қорғаныс министрлігіне қарсы қысқаша көтеріліс ұйымдастырғаннан кейін екі айдандан соң қайтыс болды. Бұл бүлік -1999 жылы билікке келгеннен бері президент Владимир Путинге төнген ең үлкен қауіп. 

Мәскеу Тверь облысында болған авиациялық апатты тергеп жатқанын және оған қатысы барын жоққа шығарып отыр. Бірақ Вашингтонда Ақ үйдің баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьер ұшақтың құлау операциясын Путин басқарса керек деген қатаң мәлімдеме жасады.

"Кремльдің қарсыластарын өлтіру тарихы бар екенін бәріміз білеміз. Бұл жерде не болғаны өте түсінікті", - дейді Карин Жан-Пьер.

Ресей Бразилияда жасалған Embraer ұшағының құлау себебін "қазіргі уақытта халықаралық ережелерге сәйкес тексермейтінін" хабарлады. Және де Мәскеу бұл шешімін Бразилияның ұшақтарды тергеу басқармасына ескерткен. Мұны бразилиялық агенттік сейсенбі күні Reuters агенттігіне айтты.

Мәскеуден Санкт-Петербургке ұшқан рейс ішкі сапар болғандықтан, Ресейдің авиациялық билігі халықаралық тергеу хаттамаларын орындауға міндетті емес. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу