Дубайда өткен әлем чемпионатының нәтижесіне өзгерістер енуі мүмкін

171

Өзбекстан бокс федерациясы Абдумалик Холоков пен Всеволод Шумков арасында өткен жекпе-жектің нәтижесін аппеляцияға берді. 

Дубайда өткен әлем чемпионатының нәтижесіне өзгерістер енуі мүмкін

Халықаралық бокс ассоциациясының (IBA) президенті Умар Кремлёв Әлем чемпионатындағы Халоков – Шумков жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді. Финалда ресейлік спортшы Абдумалик Халоковты жеңген. Дегенмен Шумков жекпе-жек барысында қарсыласының құлағынан тістеген.
Кремлёвтің айтуынша, бұл жағдай медициналық және тәртіптік комиссиялармен қаралады. 

"Халоков пен Шумков арасындағы жекпе-жекке қатысты айтар болсам, бұл жағдай IBA-ның бақылауында. Оны жауапты тұлғалар, медициналық және тәртіптік комиссиялар қарайды. Баршаңызды асығыс әрі эмоцияға берілген пікірлерден бас тартып, ақылға қонымды әрі кәсіби көзқарасқа құлақ асуға шақырамын. Медициналық және тәртіптік комиссиялар барлық қажетті шараларды жүргізеді. Ал кейін екі тараппен талқыланған соң IBA бұл жағдайға қатысты нақты әрі біржақты шешімін жариялайды", - деді Кремлёв. 

Естеріңізге сала кетсек, 2025 жылғы Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы медальдық есепте екінші орын алды: 3 алтын, 1 күміс және 2 қола. Бірінші орында Ресей (7 алтын, 5 күміс, 1 қола), үшінші орында Өзбекстан (2 алтын, 4 күміс, 3 қола) болды.

Егер жекпе-жектің нәтижесі өзгеріп, жеңіс Өзбекстан спортшысына берілсе, Өзбекстан медальдық есепте Қазақстанды артқа тастап, екінші сатыға көтеріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу