Джиро д’Италия. 1-кезең. Мигель Анхель Лопес ауыр жарақаттанды

1105

"Астана Про Тим" шабандозы жарақатына байланысты велододаны одан әрі жалғастыра алмайтын болды.

Джиро д’Италия. 1-кезең. Мигель Анхель Лопес ауыр жарақаттанды

"Джиро д’Италия" велододасының 1-кезеңі аясында өткен 15.1 шақырымдық жекелей жарыста (Монреаль – Палермо) "Астана Про Тим" шабандозы Мигель Анхель Лопес құлап қалды. Нәтижесінде шабандозға жарыстан бас тартуға тура келді. Лопес құлағаннан кейін бірден медициналық тексеруден өту үшін Палермодағы ауруханаға жіберілді.

"Рентгеннен ешқандай сынық анықталмады. Бірақ Мигель Анхельге мықын артериясының жанында өте терең жарақат алған деген диагноз қойылды. Сонымен, бұл жараға ота жасалды. Қайта қалпына келу үшін бірнеше апта уақыт керек. Сонымен қатар, құлағаннан кейін басқа ауыр жарақаттар анықталған жоқ. Шабандоз ауруханадан өзі шығып, бізбен бірге команда орналасқан қонақ үйге келді. Ертең оның жағдайы қандай болатынын көреміз. Содан кейін үйге қашан қайтатыны туралы шешім қабылдаймыз", - деді "Астана Про Тим" командасының дәрігері Серж Ниамке.

"Ең бастысы, Мигель Анхельдің өте ауыр жарақат алмай, ауруханадан өз аяғымен шыққанына бәріміз қуаныштымыз. Мигель Анхельге тезірек сауығып кетуін тілеймін. Оның қазіргіден де мықты болып оралатынына сенімдімін. Кезең бірнеше қауіпті бұрылыстармен және асуларда өте жоғары жылдамдықпен көтерілумен өте қиынға соқты. Жел жарысты одан әрі қауіпті етіп, қиындатып жіберді. Ертеңнен бастап бізге сәттілік жолдас болады деп үміттенемін", - деді Якоб Фульсанг.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу