Джиро д’Италия. 7-кезең. Якоб Фульсанг жалпы есепте 7-орынды сақтап қалды

1049

Матерадан Бриндизиге дейінгі (143 шақырым) қысқа кезең өте қарбалас өтіп, "Джиро д’Италияның" (51.23 км/сағ) кезеңдеріндегі орташа жылдамдық бойынша шабандоздар рекорд орнатты.

Джиро д’Италия. 7-кезең. Якоб Фульсанг жалпы есепте 7-орынды сақтап қалды

Расымен де, кезең қарбалас өтті. Қақтығыстар орын алып, эшелондар құрылды. Алғашқыда қапталдан соққан желдің әсерінен пелотон бірнеше бөлікке бөлінсе, ал кейіннен қақтығыстың салдарынан тағы да топ-топқа бөлініп кетті. "Астана Про Тим" капитаны Якоб Фульсанг командаласы Оскар Родригес және Йонас Грегаард Вилслимен бірге қақтығысқа тап болды. Бірақ, ауыр жарақаттанған жоқ.

Нәтижесінде, команданың қолдауының арқасында Фульсанг мәреге жалпы есептің фавориттерімен, негізгі топпен бірге келді. Кезең қорытындысы бойынша бас классификацияда ешқандай өзгерістер орын алған жоқ. Қазақстандық команданың капитаны "Джиро д’Италияның" жалпы есебі бойынша 7-орынды сақтап қалды.

"Қарбалас күн. Жарыстың басында біз бір топтың соңында қалып қойдық. Бірақ, кейін біз бірінші топқа қайта қосылдық. Содан кейін кезең аяқталғанға дейін сол топпен бірге болып, финишке дейін жеттік. Кезеңде уақыт жоғалпағанымызға қуаныштымын. Иә, шабандоздар қақтығысқа тап болды. Бірақ, ауыр жарақаттанбады. Барлығы жақсы аяқталды. Сондықтан жарыс күнінің қалай өткеніне қуаныштымын. Осындай жарыс күндерінде уақыт жоғалтып, ештеңе  жеңе алмайсың. Сонымен, біз үшін ең бастысы  кезеңді уақыт жоғалтпай өткізу болатын және біз мақсатымызға жеттік", - деді Якоб Фульсанг.

7-кезең жаппай спринтпен аяқталып, тағы да Франция чемпионы Арно Демар жеңіске жетті.

Бүгін "Джиро д’Италияның" 8-кезеңі өтуде. Джиовинаццодан басталатын жарыс жолы 200 шақырымнан кейін Виестеде мәресіне жетеді.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу