Джитсер Мариан Журавлева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды

190

Джиу-джитсудан Қазақстан құрамасының өкілі Мариан Журавлева Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының финалдық бөлігінде бақ сынады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Джитсер Мариан Журавлева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды Фото: Никита Басов

Бұрымды спортшымыз 63 келіге дейінгі салмақта қола үшін өткен белдесуде иорданиялық Майя Ишакатпен күресті. Белдесудің қорытындысы бойынша Мариан жеңіске жетті.

Осылайша Мариан Журавлева Азиадада Қазақстанның қоржынына кезекті медальді салды. Айта кетейік, бұған дейін Мерей Қабдуллаев (85 келіге дейін) күміс алған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу