Осылайша, ел құрамасының су жаңа бас бапкері Джон ван ’т Шкиптің УЕФА Ұлттар лигасының алғашқы матчтарына қай футболшыларды шақырғаны белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жаза кетейік, 26 қыркүйек күні Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы аясында Фарер аралдарына қарсы сырт алаңда қарсылас атанады. Ал 29 қыркүйекте команда тағы да сырт алаңда Словакиямен күш сынаспақ. 2 қазанда "Астана Аренада" Молдованы қонақ етсе, араға төрт күн салып Фарер аралдарына қарсы матч күтіп тұр.
Ұлттық құраманың кеңейтілген тізіміне 41 футболшы енді:
- Қақпашылар: Темірлан Анарбеков ("Қайрат"), Бекхан Шайзада ("Ордабасы"), Александр Заруцкий ("Ақтөбе"), Мұхаммеджан Сейсен ("Астана"), Стас Покатилов ("Сабах", Әзербайжан).
- Қорғаушылар: Нұралы Әліп ("Зенит", Ресей), Әлібек Қасым, Ян Вороговский (екеуі де – "Астана"), Сергей Малый, Сұлтанбек Астанов (екеуі де – "Ордабасы"), Темірлан Ерланов, Талғат Құсяпов (екеуі де – "Ақтөбе"), Александр Широбоков, Дамир Қасабулат, Александр Мрынский, Еркін Тапалов (бәрі – "Қайрат"), Сағадат Тұрсынбай ("Жеңіс"), Владислав Васильев ("Оқжетпес"), Наурызбек Жагоров ("Тобыл"), Сағи Совет ("Қайсар"), Арсен Әшірбек ("Елімай").
- Жартылай қорғаушылар: Бауыржан Исламхан, Станислав Басманов, Дінмұхамед Қараман (барлығы – "Астана"), Рамазан Оразов, Алмас Төлібай (екеуі де – "Елімай"), Георгий Жуков ("Ақтөбе"), Исламбек Қуат ("Жеңіс"), Жасұлан Әмір, Эльхан Астанов, Әбинур Нұрымбет (бәрі – "Ордабасы").
- Шабуылшылар: Дастан Сәтпаев ("Бёрнли", Англия), Ислам Чесноков ("Крылья Советов", Ресей), Исмаил Бекболат, Азамат Тұяқбаев ("Қайрат"), Акмаль Бақтияров ("Елімай"), Артур Шушеначев ("Ақтөбе"), Рамазан Кәрімов ("Астана"), Оралхан Өміртаев ("Оқжетпес"), Максим Самородов, Ғалымжан Кенжебек (екеуі де – "Ахмат", Ресей).
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу