Дзюдодан әлем чемпионатында Қазақстан атынан сынға түсетіндер белгілі болды

144

Бакуде өтетін әлем біріншілігінде Қазақстан намысын 15 спортшы қорғайды.  

Дзюдодан әлем чемпионатында Қазақстан атынан сынға түсетіндер белгілі болды Фото: olympic.kz

Қазақстан дзюдо федерациясы Әзербайжанның Баку қаласында өтетін ересектер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын спортшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әлемдік додада Қазақстан құрамасының 15 өкілі татамиге шығады.

Ерлер:

  • 60 келіге дейін – Аман Бақытжан, Шерзод Давлатов;
  • 66 келіге дейін – Нұрқанат Серікбаев, Асылжан Жұбатқанов;
  • 73 келіге дейін – Есет Қуанов, Аңсарбек Ғайнуллин;
  • 81 келіге дейін – Жалғас Қайролла, Абылайхан Жұбаназар;
  • 90 келіге дейін – Данил Крылов.

Әйелдер:

  • 48 келіге дейін – Әбиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева;
  • 63 келіге дейін – Эсмигүл Куюлова;
  • 78 келіге дейін – Аруна Жангельдина;
  • 78 келіден жоғары – Ақерке Рамазанова, Камила Берліқаш.

Қазақстандық дзюдошылар жекелей бәсекелермен қатар аралас командалық сайысқа да қатысады.

Әлем чемпионаты 4-11 қазан аралығында Бакуде өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу