Дзюдошы Абылайхан Жұбаназар әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі

235

Әзербайжан астанасы Бакуде дзюдодан ересектер арасындағы әлем чемпионатында жартылай финал белдесулері өтіп жатыр.  

Дзюдошы Абылайхан Жұбаназар әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

Бұл туралы inbusiness.kz сайты спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жерлесіміз жартылай финалда Абылайхан Жұбаназар (-81 келі) Әзербайжан елінің өкілі Зелим Цкаевпен белдесті. Кездесу нәтижесінде жергілікті палуан басым түсіп, ақтық сынға шықты.

Айта кетейік, қазақстандық спортшы 81 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында Париж-2024 Олимпиадасының қола жүлдегері Ли Ен Хванды жеңген болатын.

Абылайхан бүгін кешке қола медаль жолында кезекті Әзербайжан өкілі Омар Раджаблимен күш сынасады.

Финалдар Астана уақытымен сағат 19:00-де басталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу