Дзюдошы Марат Байқамуров Grand Slam турнирінде алтын медаль жеңіп алды

528

Отандасымыз 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында молдовалық Вадим Гимбовскимен алтын медаль үшін белдесті.

Дзюдошы Марат Байқамуров Grand Slam турнирінде алтын медаль жеңіп алды Фото: olympic.kz

Қазақстандық дзюдошы Марат Байқамуров Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Шешуші белдесу 1:0 есебімен Байқамуровтың жеңісімен аяқталды.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында екі алтын медаль бар. Бұған дейін Жалғас Қайролла (81 келіге дейін) жеңімпаз атанған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу