Дзюдошы Нұраділ Әлжан Тәжікстандағы Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды

92

Бүгін, 1 мамыр күні Душанбе қаласында (Тәжікстан) дзюдодан Grand Slam санатындағы турнир басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Дзюдошы Нұраділ Әлжан Тәжікстандағы Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды Фото: olympic.kz

Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасынан бір ғана спортшы финалдық кезеңге дейін жетті. Ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақта Нұраділ Әлжан қола медаль үшін белдесті.

Қазақстандық дзюдошы Ачыты Домбууды (Ресей) жеңіп, үшінші орынға ие болды. Осылайша, ұлттық құраманың қоржынына ірі халықаралық турнирдегі алғашқы медаль түсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу