Испанияның Бенидорм қаласында дзюдодан European Open турнирі аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Нұрмұхамет Ботабай чемпион атанды.
Финалда қазақстандық дзюдошы АҚШ өкілі Ари Берлинерді жеңді.
Ал Ғалия Тынбаева (48 келіге дейін), Ақжігіт Насыр (66 келіге дейін) және Дастан Шаяхметов (73 келіге дейін) жарысты бесінші орынмен аяқтады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу