60 келіге дейінгі салмақта белдескен отандасымыз финалда жарыс қожайыны Ахмед Юсифовпен кездесті. Шешуші белдесуде Әзербайжан өкілі басым түсіп, Шерзод Давлатов жарысты 2-орынмен аяқтады.
Шерзод Давлатов финалға дейін 5 белдесу өткізді. Ол 1/32 айналымда Тәжікстан өкілі Лойк Кудбудиновты, 1/16 айналымда Бурунди спортшысы Рауль Брийан Нганджиді жеңді.
Одан кейін бразилиялық Микел Аугустоны және Франция өкілі, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ромен Валадье-Пикарды ұтты. Жартылай финалда Париж Олимпиадасының қола жүлдегері әрі әлем чемпионы жапониялық Рюдзу Нагаямадан басым түсті.
Бакуде өтіп жатқан әлем чемпионаты 12 қазанға дейін жалғасады. Биылғы додаға 93 елден 622 дзюдошы қатысып жатыр.