ЕАЭО азаматтары одақ ішінде құны 1000 еуродан аспайтын тауарды кедендік декларациясыз тасымалдай алады

2568

Жаңа тәртіп 2022 жылдың мамырында енгізілуі мүмкін. 

ЕАЭО азаматтары одақ ішінде құны 1000 еуродан аспайтын тауарды кедендік декларациясыз тасымалдай алады

Еуразиялық экономикалық комиссия экспресс-тасымалдаушыларға құны 1 мың еуродан аспайтын тауарларды экспорттау кезінде кедендік декларациялаудың жеңілдетілген жүйесін пайдалануға рұқсат беруі мүмкін, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Бұл жердегі "экспресс-тасымалдаушы" деп отырғанымыз одақтас елдердің арасныдағы шекарадан құны 200 еуродан аспайтын жедел жүк өткізетін азаматтарды айтып отырмыз. Қолданыстағы тәртіп бойынша ЕАЭО құрамындағы елдердің шекарасына өз еліңнен кедендік декларациясыз тауар алып өткің келсе, оның  жүкқұжаттағы құны 200 доллардан аспау керек екені жазылған. ЕЭК осы соманы 1000 еуроға дейін көтермекші. ЭЕК алқасы ұсынып отырған өзгеріс жалғыз бұл емес. Бүгінге дейін жедел жүкті декларациясыз алып өтуге тек заңды тұлғалар құқылы болса, енді жеке тұлғаларға да сондай мүмкіндік берілуі мүмкін.

ЕЭК-тің ресми сайтында ұйым алқасының осы өзгерістерді ұсынған шешімі жарияланды. Шешімнің жобасын одаққа мүше елдер мақұлдаса, "экспресс-жүктерді шекарада кедендік рәсімдеу жылдамдығы артуы мүмкін. Осы арқылы ЕЭК арадағы алыс-берісті ұлғайтуды көздеп отыр. 

"Құны 200 еуродан аспайтын жедел жүкті декларациясыз өткізу нормасы одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасында толық көлемде көрініс таппаған. Іс жүзінде кедендік декларацияның оңайлатылған нысаны жүкқұжатта көрсетілген тауарлардың ортақ құны 200 евуродан аспаса ғана ұсынылады", - деп жазады ЭЕК сарапшылары.
Мұндай тәсілді шекарадағы алыс-беріске кедергі деп тапса керек, заңнамаға өзгеріс енгізу арқылы бір жүкқұжаттағы тауарлардың құны 1000 еуродан аспаса, кедендік декларацияны жеңілдетілген рәсіммен тапсыруға болатын норма енгізу ұсынылып отыр.  

"Шешім жобасында кенедік декрларация жеңілдігі жалпы кедендік құны бір жеке жүкқұжат бойынша 1000 еуродан аспайтын тауарларға қолдану ұсынылады" – деп жазылған ЭЕК алқасының шешімінде. 

Бұл жеңілдік тауар тасымалдап жүрген шағын кәсіпкерлерге ғана емес, қарапайым азаматтарға да берілуі мүмкін. 

"Қазір мұндай мүмкіндік жеке кәсіпкерлерде ғана бар. Бұл жеке тұлғалардың тауарларды кедендік рәсімдермен, оның ішінде экспорттың кедендік рәсімімен орналастыру мүмкіндігіне кедергі келтіреді",  делінген шешім жобасында.

Аталған норма қашан күшіне енуі мүмкін? Одықтың ішкі нарығында тауар өткізудің өтпелі кезеңі 2022 жылдың 1 мамырында аяқталады. Осы кезеңге дейін ЭЕК ұсынған жаңа тәртіп одаққа мүше елдерден қолдау тауып, ұлттық заңнамаларында көрініс беруі керек. Яғни, жеке тұлғаларға жеңілдетілген кедендік декларация 2021 жылдың 1 мамырынан бастап ұсынылуы мүмкін. 

Есжан Ботақара
 


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз ! 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу