banner

Егін жинау науқаны қиын жағдайда өтіп жатыр - вице-министр

6525

Астық жоспарлағаннан аз болады. 

Егін жинау науқаны қиын жағдайда өтіп жатыр - вице-министр

ҚР  ауыл шаруашылық министрлігінің бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров егін жинаудың қандай жағдайда өтіп жатқанын баяндап берді.

"Біріншіден өздеріңіз білесіздер, тамыз айының 20 күні астық жинау науқанына кірістік. Шындығын айтқанда егін жинау қиын жағдайда өтіп жатыр. Астық жоспарлағаннан аз болады. Барлығы ауа райына байланысты, өйткені Ақмола, Қостанай Солтүстік Қазақстанда 12-15 күнге дейін жауын жауды. Дегенмен мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалды: жанар-жағар май 100% берілді, техника, элеваторлар дайын, барлығы жөндеуден өткен. Күн ашылса 10-12 тәулік ішінде осы науқанды аяқтауға тиіспіз",– деді  ҚР АШМ бірінші вице-министрі.

Сондай-ақ вице –министр облыстардың жедел ақпараттары бойынша бүгінге дейін 12,4 млн га жерде жұмыс жүргізілгенін, бұл жинау алаңдарының – 81,4%-ы екенін атап кетті. "Қазір 14,2 млн тонна астық жиналды. Республика бойынша астықтың орташа шығымдылығы гектарына 12,5 центнер. Түркістан, Батыс Қазақстан облыстарында астық жинау аяқталды, ал Жамбыл, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында көп бөлігі жиналды",– деп сөзін жалғады Айдарбек Сапаров.

Астық жинауды қаржыландыру жайын сөз еткен вице-министр: "Биыл егін егу-жинау жұмыстарын қаржыландыру үшін "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ 60 млрд теңге бөлді. Екі мыңнан астам аграрлық-өнеркәсіптік кешені (АӨК) субъекттісі қаржыландырылды. Сондай-ақ, өз қаражатын қосу арқылы "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ қосымша 10 млрд теңге бөлді", – деді.

"Элеваторларда бүгінгі күні 2,5 млн тоннадан артық астық жиналды. Сапасы бойынша айтар болсақ, әкелінген астықтың 58%-ы үшінші сыныпты астық. Бұл – жақсы көрсеткіш. Еліміздің астық сыйымдылығы 27 млн тонна. Қоймалар жеткілікті, дымқыл астықты кептіруге қосымша жанармай бөлінді. Менің ойымша, астық жеткілікті болады. Нан бағасы тұрақты болып келе жатыр. Бір бөлке әлеуметтік нан 78-80 теңге көлемінде. Егер астық қымбаттайтын болса, әкімшілік тетіктері қолданылатын болады", –деді ҚР АШМ бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу