Қазақстандық триатлоншы Егор Крупяков Қытайдың Чунцин қаласында өткен Азия кубогы кезеңінде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Отандасымыз ерлер арасындағы жарыста қашықтықты 1 сағат 55 минутта бағындырып, мәреге екінші болып жетті.
Бірінші орынды ресейлік Павел Сорокин иеленді. Ол 1 сағат 54 минут 6 секунд нәтиже көрсетті. Ал Қытай өкілі Любо Чжан (1:55:01) үздік үштікті түйіндеді.
Қазақстандық Арлан Жаңабай 12-орынға, Дарын Қонысбаев 13-орынға тұрақтады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу