Екі аутсайдер жеңіске жетті

1728

Қазақстан премьер-лигасының 6 тур ойындары сенсацияға толы болды. 

Екі аутсайдер жеңіске жетті

Биылғы маусым басталғалы бері жеңіс дегенді көрмеген "Оқжетпес" осы турда алғашқы ұпайын алды. Бес ойын бойы жеңілістен көз ашпаған көкшеліктер бұл матчта да жеңіліп жатты. Себебі, матчтың 26 минутында Бауыржан Тұрысбек пенальтиден есеп ашты. Бірақ, екінші тайм бастала берген тұста Андрей Карповичтің шәкірттері таразы басын теңестірді. Сосын тіпті алға да шықты. Бразилиялық Жиан Мартинс алыстан жойқын соққы жасады. Айтпақшы, бұл футболшы өткен маусымда "Тараз" намысын қорғаған. 

Ал ойынның 88 минутында Қазақстан құрамасына шақырту ала алмай жүрген Бауыржан Тұрысбек дубль авторы атанды. Бірақ, Владимир Никитенконың командасы артынша гол жіберіп алды. Марко Обрадович "Оқжетпес" жанкүйерлерін шын қуантты. 

Тараз - Оқжетпес 2:3 (1:0)

Голдар: Тұрысбек Бауыржан пенальти 26 (1:0), Жұмаханов Санат 47 (1:1), Мартинс Жиан 74 (1:2), Тұрысбек Бауыржан 88 (2:2), Обрадович Марко 89 (2:3).

Тараз: Сейсен Мухаммеджан, Бркич Горан (Таубай Абзал 74), Больевич Деян, Чадженович Йован (Байтана Бауыржан 81.), Ньюадзи Серж, Сильва Тони, Әмірханов Мақсат (к), Сүлей Әлиішер (Айтбаев Берік 62), Шадманов Бекзат (Пуношевац Братислав 81), Каршакевич Валерий, Тұрысбек Бауыржан.

Оқжетпес: Багинский Ярослав (к), Димов Пламен, Мартинс Жиан, Стоянович Милан (Дмитриев Артем 89.), Обрадович Марко (Чертов Даниил 90+3), Абубакар Алию, Бондаренко Тарас, Жұмаханов Санат, Молдақараев Жасұлан (Абдулавов Исламнұр 65), Төлеев Мирас (Жақыпов Тимур 89), Шмидт Дмитрий.

Жарыс күнінің екінші матчында Ақтау қаласының "Каспий" клубы Қызылорда атынан жарысқа шығатын "Қайсармен" кездесті. Бұл матчта маңғыстаулықтар бұрыштама добы кезінде байқаусызда гол салып, есепте алға шықты. Сосын тайлы-тұяғымен қорғанып жүріп, керекті нәтижені сақтап қалды. "Қайсар" жақын арада Еуропа лигасына қатысуы тиіс. Алайда, мынандай ойынмен алғашқы ойында-ақ жеңіліп қалатын секілді. 

Каспий - Кайсар 1:0 (0:0)

Гол: Букорац Стефан 65 (1:0) .

Каспий: Милошевич Марко, Букорац Стефан, Себаихи Биллал (Нүсіп Арман 76.), Нәбиханов Амандық (Аслан Рафқат 87), Сиротов Владислав, Адамс Лайонел, Сахалбаев Руслан (к) (Шахметов Марат 63), Воротников Илья, Тайкенов Мақсат, Чубрило Бранко (Жанысбаев Руслан 87.), Нұрғалиев Еркебұлан (Габышев Михаил 76).

Қайсар: Заруцкий Александр, Граф Иван, Лобжанидзе Элгуджа, Станисавлевич Александр (Колев Александр 68), Әмірсейітов Ілияс, Гурман Марк (Битанг Кларенс 68.), Нәрзілдаев Думан (Режиналдо Артур 85), Тағыберген Асхат (к), Қайыров Бағдат, Марочкин Александр, Федин Максим.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу