Екі қазақстандық жасөспірім Australian Open турниріне қатысады

1822

Қазақстанда теннис спорты қарқынды дамуда. Бұған жасөспірімдердің әлемдік деңгейдегі теннис турнирлерінде өнер көрсетуі басты дәлел.

Екі қазақстандық жасөспірім Australian Open турниріне қатысады

Жаңа маусым және жаңа рекордтар. Team Kazakhstan академиясының тәрбиеленушілері Аружан Сагандыкова мен Максим Батютенко 2022 жылы Үлкен дулыға сериясындағы алғашқы жасөспірімдер турнирінде ойнайды, - деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Аружан жарыстағы өз жолын Australian Open Junior Championships – 2022 турнирінің негізгі кезеңінен бастайды. Максим іріктеу ойындарында шеберлік танытады. Еске сала кетейік, Сағандықова мен Батютенко - 18 жасқа дейінгі ойыншылар арасында Қазақстанның бірінші ракеткалары. 16 жастағы Теміртаудың тумасы ITF сериясының төрт титулын жеңіп алды - екі реттен жеке және жұптық сында. 17 жастағы Аружанның еншісінде алты ITF титулы бар. Ол үш рет жеке және үш рет жұптық сында жеңіске жетті.

Сонымен қатар Tennis Europe (TE) ұйымы биыл күзде Монте-Карлода өтетін Junior Masters турнирі қарсаңында жаңартылған рейтингті жария етіп отыр. Онда қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы 14 жасқа дейінгілер арасында 355 ұпаймен көш бастап келеді. Өткен аптада Химкиде Александр Островский атындағы академия кортында З.Нұрланұлы TE Super category Christmas Cup 2022 турнирінде жартылай финалға дейін жетіп, тартысты матчта болгариялық Иван Ивановқа есе жіберді. Қазақстаннан ТОП-100-ге сондай-ақ Демид Горбачев (58-орын), Даниэль Тазабеков (69) кірді.

Junior Masters – 14-16 жастағы Еуропа теннисінің үздік сегіз ойыншысы (қыздар мен ұлдардан) қатыса алатын ірі спорттық шара. Жарыс күзде Монте-Карлоның атақты корттарында өтеді.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу