2025 жылғы 22 қазанда, Республика күні мерекесі қарсаңында, Екібастұз қаласында KazFerroLimited компаниясының ферроқорытпа зауытының құрылысы бойынша инвестициялық жоба іске асырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Екі жыл бойы прокуратура органдары ауқымды инвестициялық жобаны толық сүйемелдеп, зауыт құрылысына тікелей әсер еткен 4 негізгі мәселенің шешілуіне ықпал етті.
Олардың қатарында – жобаны қаржыландырудың негізін қалаған салалық қорытындыны рәсімдеу, сондай-ақ ферроқорытпа металлургиялық кластерінің тұрақты дамуы үшін қажетті экологиялық қорытындыларды алуға жәрдем көрсету бар.
Мемлекет пен бизнестің үйлесімді және бірлескен жұмысының нәтижесінде 300-ден астам жаңа жұмыс орны құрылып, облыс экономикасына 30 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылды.