Екінші АЭС те Алматы облысында салынбақ

617

Оның нақты қай жерде салынатыны әзір белгісіз. 

Екінші АЭС те Алматы облысында салынбақ  Фото: canva

Елімізде екінші АЭС құрылысы Алматы облысының Жамбыл ауданында жүргізілуі мүмкін. Бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің төрағасы  Алмасадам Сәтқалиев Мәжіліс кулуарында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сөзінше, Алматы облысындағы Жамбыл ауданында екі АЭС болуы мүмкін. Бірінші станцияның ықтимал орны ретінде Үлкен ауылының аты аталса, екінші АЭС-тің орны әлі белгісіз.

"АЭС құрылысы үшін келесі орын ретінде Алматы облысындағы Жамбыл ауданы белгіленді. Яғни, бізде екінші станция да еліміздің оңтүстігінде болады. Өздеріңізге белгілі, оңтүстік (электр энергиясына) тапшы өңір екені белгілі. Қазір ол жаққа электр энергиясы "Солтүстік – Оңтүстік" транзиті бойынша жіберіліп жатыр. Біз процестің барлық қатысушыларымен келіссөздер жүргізудеміз", – деді Алмасадам Сәтқалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу