Кристина Шумекова жасөспірімдер арасында екі дүркін әлем чемпионы атанды

178

Қазақстандық конькимен жүгіруші Кристина Шумекова Германияның Инцелль қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында екінші алтын медалін жеңіп алды.

Кристина Шумекова жасөспірімдер арасында екі дүркін әлем чемпионы атанды Фото: olympic.kz

500 метр қашықтықта топ жарған спортшы 1500 метрлік бәсекеде де жеңіске жетті.

Шумекова 1:56.06 уақыт көрсеткішімен мәреге жетті. Бұл – қазақстандық спортшының жаңа жеке рекорды.

Күміс жүлдені 1:56.36 уақыт нәтижесімен Аустрия өкілі Джанин Роснер иеленсе, жапониялық Аяно Сэкигучи 1:57.97 уақыт көрсеткішімен 3-орынға тұрақтады.

Анастасия Беловодова 13-нәтиже көрсетті, Алина Шумекова 28-орын алса, Варвара Глухова 32-сатыға жайғасты.

Айта кетейік, бұған дейін Шумекова әлем чемпионатында 500 метр қашықтықта жеке рекордын жаңартып, жеңіске жеткен еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу