Екінші Exit poll нәтижесі: Референдумда халықтың 87,4%-ы жаңа Конституцияны қолдады

144

"Социс-А" кешенді әлеуметтік зерттеулер институты Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда жүргізілген Exit poll нәтижесін жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Екінші Exit poll нәтижесі: Референдумда халықтың 87,4%-ы жаңа Конституцияны қолдады Фото: gov.kz

Институт дауыс беру учаскелерінен шыққан азаматтар арасында "exit poll" әдістемесі арқылы алдын ала нәтижелерді есептеді. Сауалнама Қазақстан бойынша 200 сайлау учаскесінде жүргізілді.

Сауалнама сұрағы: "Сіз жаңа Конституцияны қабылдауды қолдап дауыс бердіңіз бе, әлде қарсы пікір білдірдіңіз бе?"

Зерттеу нәтижелері:

Жаңа Конституцияны қолдағандар – 87,4%.

Сайлау учаскелеріне келу деңгейі – 73,8%.

Деректердің әлеуметтанулық қателігі ±1,5%.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу