Экономиканы өрге сүйреген және кері тартқан салалар

Бауыржан Мұқан Бауыржан Мұқан
4386

Ауыл шаруашылығында жалақы азайып, жұмыскерлер қысқарып жатыр.

Экономиканы өрге сүйреген және кері тартқан салалар

Жалақысы көбейген және азайған мамандықтар
2018 жылы желтоқсан айында бір қызметкердің орташа айлық номиналдық жалақысы шамалы ұлғайып, 174,6 мың теңгені құрады.

Халықтың жан басына шаққандағы ақшалай табыстары, 2018 жылдың қазанында алдын ала деректер бойынша, 0,9% өсті. 2018 жылғы 3-тоқсанда нақты жалақы 3,1%, жыл басынан бері 2,4% өсті.

Салалар бөлігінде 2018 жылғы 3-тоқсанда өсім әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласында 16,2%, құрылыста 5%, тау-кен өндірісінде 6,3%, өңдеу өндірісінде 5% тіркелді. Ал денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтерде  керісінше 2,8%, жылжымайтын мүлікпен операцияларда 1,8%, ауыл шаруашылығында 3,8% төмендеу байқалды.

2018 жылғы 3-тоқсанда өңірлер бөлігінде номиналдық жалақының ең жоғарғы мәні Атырау облысында 310,6 мың теңге, ең төмен Түркістан облысында 98,8 мың теңге тіркелді.

2018 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша экономикадағы еңбек өнімділігі 2,9%-ға өсті. Салалар бөлігінде ең көп өсім құрылыста 9,9%, ауыл шаруашылығында 7,9%, өнеркәсіпте 3,5%, көлікте 2% және қаржы және сақтандыру саласында 3,3% өсім байқалды.

Құрылыс және ауыл шаруашылығынан басқа экономиканың барлық негізгі салаларында еңбек өнімділігінің өсімі нақты жалақының өсу қарқынынан асты.

Жаңа жұмыс орындары ашылған және қысқартулар болған салалар
Жұмыспен қамту мәселесіне тоқталар болсақ, 2018 жылдың 3-тоқсанында жұмыспен қамтылған халықтың саны 1,8%-ға өсіп қыркүйек сонында 8727,9 мың адамды құрады. Бұл экономикалық белсенді халықтың 95%-ы.

Экономиканың салалары бөлігінде жұмыспен қамтылған халықтың саны көтерме және бөлшек саудада 3,2%-ға өсті. Сондай-ақ өнеркәсіптік сектордың тұрақты өсуі аясында өңдеу өнеркәсібінде 4,5%-ға және көлік және қоймалауда 4%-ға өсім байқалды.

Жұмыспен қамтудың төмендеуі тау-кен өнеркәсібінде, ауыл шаруашылығында және құрылыс саласында байқалды.

Өңірлер бөлігінде жұмыспен қамтылған халықтың негізгі ұлғаюы Манғыстау облысында (11,2%-ға өсті), Алматы (2,5%-ға) және Астана (4,1%-ға) қалаларында байқалды. 2018 жылдың қарашасында жұмыссыздық деңгейі 4,9% құрады.

2018 жылдың үшінші тоқсанында бір аптада нақты жұмыс істеген сағатының саны 35 сағат және одан аз құрайтын жұмыспен қамтылған халықтың үлесі 2-тоқсанға қарағанда аздап төмендеді. 2018 жылғы үшінші тоқсанында аталған қызметкерлердің үлесі жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санының 6,4%-ын құрады.

Сонымен қатар, бір аптада 41 сағаттан астам жұмыс істеген қызметкерлердің үлесі 2015 жылғы бірінші тоқсандағы аздаған өсуден кейін, 21,1% деңгейінде сақталуда.

Бір аптада 36 сағаттан бастап 40 сағатқа дейін нақты жұмыс істеген қызметкерлердің үлесі басым болып қалуда. 2018 жылғы үшінші тоқсанында үлесі 70,7% болды.

Бауыржан Мұқан

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу