Эль-Класико финалда: "Барселона" мен "Реал Мадрид" Суперкубокқа таласады

301

Бүгін Испания Суперкубогының финалында "Барселона" мен "Реал" кездеседі. 

Эль-Класико финалда: "Барселона" мен "Реал Мадрид" Суперкубокқа таласады Фото: championat.com

11 қаңтардан 12 қаңтарға қараған түні Испания Суперкубогының финалы өтеді. Шешуші матчта каталониялық "Барселона" мен мадридтік "Реал" өзара мықтыны анықтайды.

Финалдық кездесуге Андалусия өңірінің төрешісі Хосе Мунуэра Монтеро қазылық етеді.

Екі ұжым арасындағы тарихи қарсыластық айрықша назар аудартады. Командалар осы уақытқа дейін барлық турнирлерде 255 рет кездескен. Оның 106-сында мадридтік "Реал" жеңіске жетсе, 101 матчта "Барселона" басым түскен, ал 48 ойын тең нәтижемен аяқталған.

Испания Суперкубогы аясында қарсыластар 18 рет жолыққан. Бұл кездесулерде "Реал" 10 рет жеңіске жетсе, "Барселона" 6 мәрте жеңген, тағы екі матч тең аяқталған. Соңғы 10 бетпе-бет ойында каталондық клуб 5 рет жеңіске жетіп, 5 рет жеңіліс тапқан.

Тарихи көрсеткіштерге назар аударсақ, "Барселона" Испания Суперкубогын 15 рет жеңіп алып, финалда 12 мәрте жеңіліс тапқан. Ал "Реалдың" қоржынында бұл турнирдегі 13 жеңіс пен финалдағы 7 жеңіліс бар.

Осылайша, Испания Суперкубогының финалы жанкүйерлер үшін тартысқа толы матч болмақ.

Кездесу Сауд Арабиясының Джидда қаласындағы "Король Абдалла Спортс Сити" стадионында өтеді. Матч Астана уақытымен 00:00-де басталады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу