Ел қоржынына Азия ойындарындағы алғашқы алтын медаль түсті

254

19 қазан күні басталған жарыстар, 31 қазанға дейін жалғасады.

Ел қоржынына Азия ойындарындағы алғашқы алтын медаль түсті

Бахрейндегі жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қазақстандық велошабандоздар алғашқы алтын медальді жеңіп алды. 

Отандастарымыз жекелей уақытқа жарыс форматындағы аралас командалық эстафетада үздік нәтиже көрсетті.

Бірінші кезеңде 3-орында келе жатқан қазақстандықтар соңғы айналымда қарқын қосып, мәреге бірінші болып жетті.

Команда құрамында Кирилл Полышев, Данил Третьяков, Ринат Ерік, Ирина Ивановская, Валерия Кузнецова және Анель Ташбай өнер көрсетті. Күміс жүлде Иранға, қола Тайбэйге бұйырды.

Айта кетейік, Манамадағы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының намысын 20 спорт түрі бойынша 220 жас спортшы қорғап жатыр. Өткен жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында еліміз 13 жүлде, соның ішінде 1 алтын медаль жеңіп алған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу