Ел тарихындағы ТОП-3 футболшының есімі аталды

Мұндай тізімді "Жетісу" клубының бас бапкері Самат Смақов жасап отыр.  

Ел тарихындағы ТОП-3 футболшының есімі аталды Фото: "Жетісу" ФК

Ол Қазақстан футболы тарихындағы үздік ойыншыларға тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Қазір бапкерлік жолда жүрген экс-футболшы Қазақстан чемпионатындағы ең мықты ойыншылар туралы сұраққа жауап берді.

"Тимур Сегізбаев, Құралбек Ордабаев, Сейілда Байшақов", – дейді С. Смақов.

Еске салайық, Тимур Сегізбаев мансабын "Қайрат" футбол клубы сапында өткізген. Жартылай қорғаушы ретінде спортшы 1958-1970 жылдары алматылық командада 212 ойынға қатысып, 19 гол салды.

Ал Құралбек Ордабаев 10 жыл бойы (1972-1982) "Қайраттың" қақпасын қызғыштай қорғады. Алматылық команада 254 кездесу өткізген. Кейіннен Шымкенттің "Металлург" және "Мелиоратор" командаларында да төбе көрсетті. 

Сейілда Байшақов та "Қайратта" 10 жыл (1971-1981) доп тепті. 296 ойында 11 голды өз атына жазды.

Сондай-ақ, ол Жамбылдың "Энергетик" клубында да тер төкті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу