Елбасы Қазақстан құрамасын зор жетістігімен құттықтады

1648

Елбасы Қазақстан құрамасын зор жетістігімен құттықтады

Нұрсұлтан Назарбаев 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиада да Қазақстанның ұлттық құрамасының зор жетістікке жетуіне орай құттықтау жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

"Сіздердің қайсарлықтарыңыздың арқасында Қазақстанның жалпы командалық екінші орынға қол жеткізуі – елдің биік беделінің, бұқаралық спорттың дамығандығының айқын көрсеткіші.

Қазақстанның спорт мектебінің даңқын тағы бір мәрте асқақтатып, жоғары дайындықтарыңызды, жеңіске деген ұмтылыс пен ерік-жігерлеріңізді көрсеттіңіздер.

2017 жылғы универсиада барлық қазақстандықтар үшін нағыз мерекеге айналды.

Спортшыларымыздың жеңісі қысқы спорт түрлерін одан әрі дамытуға серпін беріп, келер ұрпаққа үлгі болуға тиіс.

Универсиаданың ұйымдастыру комитетіне жарысты жоғары деңгейде өткізіп, жауапкершілік танытқаны үшін алғыс айтамын.

Барлық спортшыларға мықты денсаулық және жаңа белестерді бағындыру жолында табыс тілеймін!", – делінген құттықтауда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу