Елде қандай гүлдер жоғары сұранысқа ие?

2824

Биыл қаңтар-ақпанда Қазақстанға жалпы салмағы 1 085 тонна, құны 8,5 млн доллар болатын гүл жеткізілген.

Елде қандай гүлдер жоғары сұранысқа ие?

Мемлекеттік кірістер комитеті 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай елде қандай гүлдер жоғары сұранысқа ие екенін анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Ең жоғары сұранысқа ие гүл – раушан. Биыл Қазақстанға жалпы салмағы 724 тонна, құны 6 млн доллар болатын раушан гүлі әкелінген. Екінші орында – хризантема гүлі (жалпы салмағы 97 тонна, құны 883 мың доллар), үшінші орында қалампыр гүлі (салмағы 28 тонна, құны 165 мың доллар) тұр", – деп жазылған МКК таратқан хабарламада.

Сондай-ақ қазақтандықтар арасында лалагүл (жалпы салмағы 24 тонна, құны 178 мың доллар) және басқа да гүлдер (қызғалдақ, hydrangeas, линолиум, гипсофила, финикс, ирис, гортензия және экзотикалық гүлдер, жалпы салмағы 167 тонна, құны 1,1 млн доллар) жоғары сұранысқа ие.

Биыл Нидерланды (535 тонна), Бельгия (162 тонна), Германия (115 тонна), Эквадор (94 тонна), Литва (79 тонна), Колумбия (54 тонна), Өзбекстан (69 тонна), Кения (15 тонна), Словакия (5 тонна), Израиль (4 тонна) және Түркия (3 тонна) елдерінен гүлдер жеткізілген.

2021 жылы Қазақстанға жалпы салмағы 5 752 тонна, құны 41,4 млн доллар болатын гүлдер әкелінген.

"Өткен жылы раушан (жалпы салмағы 3646 тонна, 28,2 млн доллар), хризантема (жалпы салмағы 714 тонна, құны 4,8 млн доллар), лалагүл (жалпы салмағы 240 тонна, құны 1,4 млн доллар) қалампыр (жалпы салмағы 197 тонна, құны 1,1 млн доллар) гүлдері елге жеткізілді", – деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ 2021 жылы негізінен раушан мен лалагүлдер экспортқа шығарылған. Жалпы салмағы 17,8 тонна гүл, құны 71,4 мың доллар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу