Елде төлем құралдарына деген көзқарас өзгеріп келеді

25399

Ел азаматтары қол ақшамен төлем жасағаннан ақшасыз есеп айырысуды көбірек қолданып отыр.

Елде төлем құралдарына деген көзқарас өзгеріп келеді

ҚР Ұлттық банк мәліметіне қарағанда, үстіміздегі жылдың қыркүйегінде қол ақшасыз есеп айырысу төлемдерінің жалпы көлемі 115,620 млрд теңгені құрап, былтырғы жылдың (72,709 млрд теңге) осындай кезеңіндегі көрсеткіштен 1,5 есе артық болды.

Сондай-ақ транзакцияның саны да 5993,9 мыңнан 8804,0 мыңға дейін 3 есе өскен. Қол ақшасынсыз жасалған төлемдердің негізгі бөлігі POS-терминал (қол ақшасыз төлемнің жалпы көлемінен 60,9%) мен интернет (25,4% ) арқылы жасалған.

2016 жылдың қыркүйегінде қол ақшаны алу есебімен төлем жасаудың жалпы  көлемі ақшасыз есеп айырысумен ара қатынасы 14%-ды құрады. Былтыр бұл көрсеткіш 11% болған.

Сонымен бірге елдегі қол ақшасыз төлем үлесі 15%-дан аспайды. Ал, мысалы, ол Ресейде 30% деңгейінде, АҚШ-та 80%-дан асады. Яғни Қазақстанда қол ақшасыз төлемдер көлемін өсіруге жеткілікті әлеует бар деуге болады.

Қол ақшасыз төлемдердің көп мөлшері POS-терминалдың үлесіне жатады. Олардың саны былтырғы жылмен салыстырғанда 10 191-ден 71 479 данаға дейін жетіп, 30 %-ға артқан.  POS-терминалды міндетті түрде орнату туралы заң күшіне енген соң тұтынушылардың оны жиі қолдана бастағаны заңды.

Тауар мен қызмет көрсетуге интернетпен төлем жасау қарқынды өсіп келеді. Қол ақшасыз төлемнің жалпы жиынтығында аталған операция түрінің үлесі 25,4%-ды құрап, POS-терминалдан кейін екінші орында тұр.

Өткен жылдың қыркүйегінде де қол ақшасыз төлемнің негізгі үлесі POS-терминалға (жалпы көлемінің 66,9%-ы) тиіпті. Ал банкоматтар (16,4%) ол кезде екінші орында тұрған еді. Тұтынушының қызмет көрсету мен сауда төлемін интернет арқылы жасайтыны таңданатын іс емес. Себебі, бұл уақыт пен ақшаны үнемдеуге мүмкіндік береді.

Бір жыл ішінде интернет-ресурспен жасалған төлем 3 есеге өскен. Яғни, өткен жылдың қыркүйегіндегі 8 325,5 млн теңгеден биылғы 28 074,9 млн теңгеге дейін артқан. Мұны нағыз жаңалық деп есептеуге болады.
Қазақстанның интернет бизнесі мен мобильді коммерция қауымдастығының (ҚИБҚ) болжамынша, мұндай тренд алдағы 2-3 жылда жалғасады. Ал келешекте интернет-төлемдердің көлемі 1 млрд доллардан асады деп болжанған.
Ел азаматтары интернет арқылы киім, электроника, қажетті тауарын сатып алады. Соңғы жылдары қызмет көрсетудің сегменті де жақсы көрсеткіш бере бастады. Мысалға, негізінен әуе және темір жол билеттерін сатып алу 4 есеге өскен.
ҚИБҚ PR–менеджері Виктория Торгунакованың айтуынша, нарықта қол ақшасыз есеп айырысуға банк кәртішкеге балама құралдар пайда болды. Тұтынушылардың басым көпшілігі электронды әмияндарды қолданғанды жөн санайды. Сондай-ақ, төлемді мобильді телефон балансынан да жасайды.

Алайда, мобильді баланспен жасалатын төлемдер арзан төлемдер сегментінде ғана сұранысқа ие және, төлем құралы үнемі қолда болғандықтан, келешекте оның өсуі әбден мүмкін.

Бұл төлем кәртішкелер нарығының толысқанын білдіреді.   

2016 жылдың 1 қазанындағы жағдайға қарайтын болсақ, қолданыстағы төлем кәртішкелерінің саны 15,4 млн (2015 жылдың осы кезеңіндегі жағдаймен салыстырса – 8,0%-ға азайыпты). Төлем кәртішкесін қолданушылар қатары 14 млн адамды құрап, 3,8%-ға қысқарыпты. Ең көп қолданылатыны дебиттік кәртішкелер, олардың үлесі 80,6%-ды құраса, кредиттік кәртішкелердің үлесі – 15,7%.

Дебиттік, кредиттік лимит пен алдын-ала төленген төлем кәртішкелерінің үлесі 3,0%-ды және 0,8%-ды құрапты.

Үстіміздегі жылдың 9 айында төлем кәртішкелерінің саны 7,8 %-ға (қаңтар айында қолданыста 16,6 млн кәртішке болған) азайған, ал кәртішке қолданушылардың қатары 2 %-ға (2016 жылдың қаңтарында 14,3 млн адам) азайыпты.
Төлем терминалымен жасалатын операциялардың саны да қысқаруда. QIWI Kazakhstan директоры Владимир Кимнің айтуынша, терминалдық бизнес толығуға жақын. Егер өсу байқалса, аса үлкен болмайды. Ол көбінесе дүкендердің және сауда орталықтарының ашылуымен байланысты болады.

Алайда елде қол ақшаны қолдану айтарлықтай жоғары деңгейде, сондықтан терминал әлі де қажет болады.

Қол ақшасыз төлем жасау қарқынды өскенімен, еліміздің азаматтары әзірге қолма-қол ақшамен есеп айрысатын болады.

Константин Ким, Алматы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу